Үш сала бір бағдарлама!
Болашақ мамандар осында қалыптасады

IT, Дизайн және Маркетинг әлеміне жолыңызды бізбен бірге бастаңыз

Amjilt Cyber Academy туралы

Amjilt Cyber Academy — Қазақстандағы қазақ тілінде IT мамандандыруға негізделген алғашқы оқу орталығы. Біз 5 жылдан астам уақыт бойы ақпараттық технологиялар саласында сапалы білім беріп, мыңдаған жастарға жаңа мүмкіндіктер есігін ашып келеміз.

course about

Курс түрлері

FullStack, Графикалық дизайн және Цифрлық маркетинг курстары бір кешенде оқытылады. Қосымша English мен AI модульдері студенттердің бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді.

FullStack

Веб-бағдарламашы

English

Ағылшын тілі

AI

Жасанды Интеллект

Graphic Design

Графикалық дизайн

English

Ағылшын тілі

AI

Жасанды Интеллект

Digital Marketing

Цифрлық маркетинг

English

Ағылшын тілі

AI

Жасанды Интеллект

Оқыту жүйесі

Қазақ тілінде оқыту

Мұнда әлемдік стандарттар мен жаңа әдістемелер ана тілімізде ұғынықты түрде түсіндіріледі.

PBL - жобаға негізделген үйрету жүйесі

Жобаға негізделген оқыту арқылы теориялық материал нақты контекстке енгізіледі.

100% практика

Практикалық сабақтарға басымдық беру – сізді “білушіден” “жасайтын” маманға айналдырады.

5 жылдық Тәжірибе!

Біздің 5 жылдық тарихымыз – табысты жобалар мен жылдар бойы жинақталған білім қоймасы.

3

Түрлі сала

500+

Түлек студент

100%

практикаға негізделген

1 жыл

оқу мерзімі

Жетістіктер

Академияның түлектері кәсіби салада жұмысқа орналасып, жетекші IT-компанияларда өз үлестерін қосуда. Олардың табыстары – біздің тәжірибеміздің және қолдаудың жемісі.

Комекбаев Нұрсұлтан

2024 жылғы түлек

Оқу барысында ерекше белсенділігімен, практикалық дағдыларды тез меңгеруімен көзге түсті. Қазіргі таңда өзінің білімі мен шеберлігін табыс көзіне айналдырып, жеке тапсырыстар арқылы аптасына 65 000 теңге көлемінде табыс табуда

Абдуқасым Мұхаммед

2024 жылғы түлек

Бүгінде Кентау қаласындағы ТЭЦ-5 мекемесінде инженер-программист ретінде қызмет атқарып келеді.Техникалық білім мен заманауи цифрлық дағдыларды меңгеру арқылы 6 айдан бері тұрақты жұмыс орнында өз саласының маманы ретінде еңбек етуде.

Бернара

2023 жылғы түлек

Бүгінде “Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде” IT саласы бойынша мұғалім болып қызмет атқарып келеді. Оқу орнын аяқтағаннан кейін бірден маман ретінде еңбек жолын бастап, бастапқы айлық табысы — 300 000 теңгені құрады.

Темірбай Роза

2024 жылғы түлек

Бүгінде өзі түлегі болған академияда – Amjilt Cyber Academy оқу орталығында куратор қызметін атқарып келеді. Өзі білім алған орталықта еңбек етуі – біздің жүйелі білім беруіміздің, практикалық тәсіліміздің және командалық рухтың нақты дәлелі.

Нурмукан Самғар

2024 жылғы түлек

Amjilt Cyber Academy-де 1 жылдық оқу барысында Самғар толықтай Fullstack бағытынан өтіп, ағылшын тілін жетілдіріп, жеке портфолио құрып, шетелге өтініш беруге толық дайындалды. Бүгінде Самғар Жапониядағы IT университетінің студенті. Бұл — жай сандар емес, нақты нәтиже!

Арипжан Алихан

2025 жылғы түлек

11-сыныпты бітіре сала біздің академияға қабылданып, небәрі 1 жылдың ішінде IT саласы бойынша толық дайындықтан өтті. Білім мен тәжірибені қатар меңгеріп, жеке портфолиосын дайындап, ағылшын тілін меңгеру арқылы Жапониядағы халықаралық университетке IT мамандығы бойынша оқуға түсті.

Есекенов Есім

2025 жылғы түлек

Колледжді аяқтағаннан кейін IT саласында нақты бағыт іздеген студент біздің академияға қабылданып, 1 жылдық бағдарламаны сәтті аяқтады. Практикаға негізделген оқыту, ағылшын тілі мен портфолио дайындығы арқылы студентіміз Жапониядағы TOWA университетке IT бағыты бойынша оқуға түсті.

Төреханов Алижан

2024 жылғы түлек

Amjilt-тегі ағылшын сабағы кәдімгі мектептегі сабақ сияқты емес. Мұнда нақты сөйлетуге, IELTS форматына сай ойлауға үйретеді.6 айдың ішінде мен 7.0 балл алып шықты. Ең кереметі — ұстаздардың мотивация беріп, әр оқушыны жеке бақылауы.

Түлектеріміз қайда жұмыс істей алады?

Біздің түлектеріміз әлемдік және отандық IT-компанияларда, стартаптарда және цифрлық агенттіктерде жұмыс істей алады. Олар оқу барысында игерген практикалық дағдылар арқылы кез келген командаға тез кірісе алады.

Пікірлер

Lorem Ipsum is simply dummy text of the printing and typesetting industry.

Универ мен курс маған ешқандай қиындық тудырмайды. Барлығын 0-ден бастап оқыдым. Алған білімім арқасында университетте проект жасап, алхыс хатқа ие болдым. Универден қарағанда академия ұстаздары мен кураторлары ашық-жарқын және қатаң қадағалайды. Ұстазым мен кураторыма рахмет.

Нұрбақыт

18 жас, АТУ студенті

Орталыққа қызымды оқытуға әкелгенмін, қызым қолы босамаған соң өзім оқуды жөн көрдім. Ағылшын деңгейім көтерілді. Бірнеше проектер жасадым. Мұғалімдер жас болғанымен білімдері өте жоғары. IT үйренемін деушілерге НИКОГДА НЕ ПОЗДНО! Рахмет!

Маметова Эльнура

37 жас

Мен КАЗНПУ бітіріп, осы академияға келдім. Барлығын 0-ден бастадым. Бірнеше тіл арқылы проект жасадым. Ұстаздар өте білікті мамандар. Ешқашан қолыңды қайтармайды. Жасқа қарамаңыздар, Amjilt cyber academy-сына келсеңіздер еш өкінбейсіздер.

Сымбат Алтынбекқызы

23 жас, КАЗНПУ түлегі

Ернар Мыңжасар немерем оқиды. Балам тұйық болатын, академияда оқып, тұйық мінезі ашылды, үлгерімі жақсарды IT-ға қызығушылығы ашылды. Ұстаздарына рахмет, Amjilt cyber academy-сына берсеңіздер болады.

user_name

Ағама айтып 4 баламызды қатар беріп оқыттық, өкінбейміз. Дизайн және IT-ды меңгеріп шықты. Академия ұстаздарына алғыс. Қазақ халқына қызмет ететін білімді ұрпақ тәрбиелей беріңіздер, рахмет!

user_name

Есімім Мақсутов Маулен. Талдықорған қаласынан келгенбіз. Ұлым 11-сынып бітіріп, бірден осында келдік. Amjilt cyber academy арқасында Жапонияға ұлым оқуға шақырту алды. Сіздерге көп рахмет, жұмыстарыңыз өне берсін.

Мақсутов Маулен